ALIM TAU SCHOOL — қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 1-11 сыныптарға арналған толық күндік көпбағытты мектеп.
Біз академиялық білімді, жобалық оқытуды, экологиялық тәжірибені және жеке тұлғаға назар аударуды біріктіреміз.
Біздің мектеп қаладан 30-35 минуттық көркем тау бөктерінде-кептеліссіз бағытта орналасқан.
Біздің миссиямыз: Білім беру процесін жүйелі ұйымдастыру арқылы ұлттық рухы биік, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті және болашағына жауапты жан-жақты тұлға тәрбиелеу.
Біздің мақсатымыз: Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, жаһандық деңгейде ойлайтын, бәсекеге қабілетті, ізденімпаз және жауапты тұлғаны қалыптастыру.
Біздің ұстаным: дәстүр + технология + жауапкершілік.
Инновацияға бағытталған көшбасшы ретінде ол бірегей «Қағанаттар» мектеп жобасының авторы және Қазақстан тарихы пәні бойынша заманауи оқу құралдарын әзірлеуші. Өз жұмысында қауіпсіз, психологиялық жайлы орта құруды және бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін озық халықаралық стандарттарды енгізуді басты басымдық деп санайды.
Білім беру жүйесінде 38 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби маман, оның ішінде 30 жылдан астам — басшылық лауазымдарда
"Алға ұмтылған ақыл" білім беру бағдарламасының авторы
Инновациялық менеджмент, білім беруді цифрландыру, инклюзия және көшбасшылық саласында көптеген біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Марапаттары: "Қазақ мемлекеттік университеті" мерейтойлық медалі. Әл-Фараби 80 жаста", 2015 жыл.
"Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі 2024 жыл.
Жұмыстағы басты басымдық - әр бала сапалы білім мен қамқорлық алатын заманауи, ашық және жайлы мектеп құру.
ОҚУ ПРОЦЕСІ
Бастауыш мектеп (1-4 сыныптар):
Логикалық ойлауды дамыту үшін Сингапурлық математика әдістемесі, ал оқуға қызығушылықты ояту үшін Reading Workshop және Storytelling технологиялары қолданылады. Сабақтарға STEAM элементтері кіріктірілген.
Орта мектеп (5-6 сыныптар):
Мамандандырылған мектептерге (НЗМ, БИЛ, РФММ) түсуге арнайы дайындық және жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадалық резервті қалыптастыру.
Орта мектеп (7-9 сыныптар):
PBL (Project-Based Learning) әдістемесі бойынша зерттеушілік дағдыларды дамыту. Оқушылар әр тоқсан сайын өздерінің ауқымды жобаларын қорғайды.
Орта мектеп (10-11 сыныптар):
ҰБТ-ға және IELTS, SAT халықаралық емтихандарына қарқынды дайындық. Кәсіби бағдар беру және университеттерге түсу үшін портфолио жинақтау жұмыстары жүргізіледі.
БЕЙІНДІК БАҒЫТТАР:
ЗИЯТКЕРЛІК
Сингапурлық математика және STEAM-тәсілдемесі арқылы сыни ойлауды дамыту және үздік университеттерге түсу үшін академиялық дайындық жүргізу.
ТІЛДІК
Reading Workshop және Storytelling озық әдістемелері бойынша көптілді орта қалыптастыру және жоғары оқу мәдениетін дамыту.
IT – DIGITAL
Болашақ әлемінде табысты болу үшін цифрлық сауаттылықты, бағдарламалау негіздерін және заманауи технологияларды игеру.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
Өнер, дизайн және жобалық қызмет арқылы баланың бірегей дарыны мен креативті әлеуетін ашу.
СПОРТТЫҚ
Белсенді спорт секциялары арқылы денсаулықты нығайту, төзімділікті дамыту және мінез-құлықты тәрбиелеу.
ӘЛЕУМЕТТІК
Ұлттық құндылықтар мен әлеуметтік жауапкершілікке сүйене отырып, көшбасшылық қасиеттер мен эмоционалдық зияткерлікті қалыптастыру.